Атырау облысында сұйытылған газға сұраныс артып келеді. Энергетика министрлігі өңірге қаңтар айына 7 мың тоннадан астам мұнай газын бөлген.
Отын, облыстағы 35 газ тасымалдаушы компания арқылы, газ құю бекеттеріне тасымалданды. Дегенмен өңірдің айлық сұранысы 9 мың тоннадан асады. 2024 жылы газ пайдаланатын көлік саны 20 мың болса, былтыр 27 мыңға жеткен. Ал биыл газ тұтынатын техника 30 мыңнан асады деп болжануда.
Анар Ахметова, Энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:
- Ақпан айына 6 мың 667, ал наурыз айына 6 мың 910 тонна сұйытылған мұнайы газы бөлінді. Сонымен қоса біздер тапшылықты болдырмау мақсатында әкімдіктен ай сайын қосымша сұраныс хатын жолдаймыз. Сол біздің сұранысымызды қанағаттандырып, министрлік тарапынан қосымша осы айда тағы да 2 мың тонна сұйылтылған мұнай газы бөлінді.
Тегтер #Атырау облысы #сұйытылған газ #сұраныс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz