Кейінгі жылдары Ұлттық құрылтай халық үшін маңызды шешімдер жасалатын басқосуға айналды.
Сондықтан болар жыл сайынғы басқосуды қоғам асыға күтеді. Әр жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, ұлттық құндылықтар, қоғамдық келісім мен жаңғыру мәселелері кеңінен талқыланып келеді.
Алғашқы Ұлттық құрылтай отырысы Ұлытауда өтті. Ұлт үшін тарихи маңызы зор өлкеде ұлттық бірлікті нығайту және реформаларды талқылауға басымдық берілді. Нәтижесінде «Республика күні» ұлттық мереке ретінде қалпына келтірілді. Парламент құзыры кеңейіп, адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Ал үш жыл бұрын құрылтай мүшелері Түркістанда бас қосты. Бұл жолы нашақорлыққа қарсы кешенді жоспар қабылданды. 2024 жылғы Атыраудағы жиында «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын бастау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ құмар ойынға қарсы арнайы жоспар әзірленді. 4-ші, яғни былтырғы құрылтай отырысы Бурабайда өтті. Онда алғаш рет салық реформасы жан-жақты талқыланды. Және Ұлттық цифрлық архивтің жол картасы бекітіліп, инфрақұрылымдық жобалар ұсынылды.
Ұлттық құрылтай отырыстары:
2022 – Ұлытауда
2023 – Түркістанда
2024 – Атырауда
2025 – Бурабайда
2026 – Қызылордада
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тарих #Таңдаулы #Ұлттық құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz