RU
Толық нұсқаға өту

Салық есептілігі нысандары азайды

20.01.2026, 09:20 236

Жаңа Салық кодексі шеңберінде салық есептілігі нысандарының саны 30 пайыздан аса, яғни 41-ден 28-ге дейін қысқарды.

Бұл бизнеске уақыт пен ресурстарды үнемдеуге және салықтық басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кодексте нөлдік есептілік автоматты түрде қалыптасады. Бұл есептілікті ұсынбағандарға хабарлама жіберу, банктік шоттардан шығыс операцияларын тоқтату және әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмайды. Осылайша, бизнесті жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек салық органдарының сервистік топтарын құру туралы ережелер бекітілді. Бұл топ мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz