RU
Толық нұсқаға өту

Бизнесті қолдау моделі енгізіле бастады

20.01.2026, 09:25 206

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнесті «жұмсақ сүйемелдеу» моделін енгізе бастады.

Яғни салық төлеушіге тіркелген сәттен бастап қолдау көрсетеді. Модель шеңберінде мобильді қосымшалар арқылы жеңілдетілген салықтық тіркеу, автоматты декларациялау және салықтарды оңай төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Ал кейбір қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мен қаржы секторына берілді. Сондай-ақ салық төлеушілермен жиі байланыста болатын екінші деңгейдегі банктердің платформаларында салық төлеушінің мобильді кабинетінің прототипі жасалады. Мұнда тұтынушы фискалдық бақылау шараларын қолданбай-ақ электронды сервистер мен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz