Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқарды.
Енді кәсіпкерлер бұрынғыша 7 емес, үш оңтайланған нұсқаның бірін таңдап, өз таңдауы туралы тиісті органға хабарлама беруге тиіс. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация негізіндегі режимді таңдаушылар және шаруа қолжалықтарына қатысты болып отыр. Тиісті хабарламаны «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы, құжат бойынша орналасқан жеріндегі арнайы мекемеде немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 наурызға дейін беру қажет.
1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
3. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР
Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы:
- Егер мұндай хабарлама жолданбаса, салық органдары 1 наурызда бұл салық төлеушілерді жалпылама белгіленген режимге ауыстыруға құқығы бар. Сол себепті бұл хабарламаларды беру өте маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Салық кодексі #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz