RU
Толық нұсқаға өту

Мәдениет ошақтары жанданады

20.01.2026, 16:27 235

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөндеуден өткізіледі.

Бұл туралы Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы мәлімдеді. Енді руханият мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, ауқымды шаралар қолға алынбақ. Жіпке тізер болсақ, Алматы, Абай және Ақтөбе облыстарында драма театрлары бой көтеріп, Шымкентте опера және балет театрының құрылысы басталады. Сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай мәдениет ошағына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы жуық арада аяқталып, Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қайта жаңартылады. Музей ісін дамыту жұмыстарына басымдық берілмек.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

«Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өткім келеді. Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады. Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда мен облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz