Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп өркендеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сыр еліне осындай баға берді. Бұған келтірер дәлел де, дәйек те көп. Мәселен, былтыр аймақтың ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ал өткен жылы 27 инвестициялық жоба жүзеге асты. Мемлкет басшысы соның ішінде жылу электр орталығының іске қосылғанын ерекше атап өтті. Аталған стратегиялық маңызы бар нысан толығымен инвестордың қаржысына салынған. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Одан өзге облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілгеніне де тоқталды. Халықтың 80 пайызы көгілдір отын пайдаланады. Елді мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді деді Президент.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және теміржол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса аймақтағы 10 теміржол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің әлеуметтік саласын да жақсы бағалады. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынған. Бұған қоса 40 медицина нысаны ашылды. Президент тапсырмасымен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Мемлекет басшысы облыстың жалпы жағдайының жақсы болуы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың табанды жұмысының нәтижесі деді.
Тегтер #Ұлттық құрылтай 2026 #Қызылорда облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz