RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда жаңажылдық шыршаларды жинау акциясы өтті

20.01.2026, 21:00 239

Мерекенің сәні болған жасыл желек енді орман жануарларына азық болады.

Шараға белсене атсалысқан тұрғындар, шыршаларын арнайы жинау орындарына шығарды. Коммуналдық қызмет, қылқан жапырақты ағаштарды жинап, орманшыларға береді.

Тұрғындар мерекенің сәні болған шыршаларын жаппай тапсырып жатыр. Арнайы орындарға жиналған ағаштарды  коммуналдық сала қызметі көлікке тиеп әкетеді.

Валентина Сусликова, қала тұрғыны:

- Жануарларға қамқорлық жасап жатқандарыңыз өте орынды. Қоқыста жатқанша шыршаларды азық ретінде немесе төсеніш ретінде пайдаланудың пайдасы зор. Акцияға тұрғындар белсенді атсалысады деп ойлаймын. 

Шыршалардың қаланың әр жерінен жинауға төрт жүк көлігі қажет болды. Акция «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Бердімұрат Баймұқан, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Енді бүгін осы шыршаларды коммуналдық қызметкерлер барлығын жинап алып, Лесное орман шаруашылығына апарып жеткізеді. Ол жақта шыршалар жануарларға азық ретінде пайдаланылады.Бүгіннен кейін шығарылған шыршалар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ертеңнен бастап шыршаларды шығарып үлгермегендер әкімшілік жауапқа тартылады. Жаза ескерту немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу түрінде болуы мүмкін.

- Эти ветки пойдут на кормёжку козам, косулям. а стволы пойдут на топку. 

Орманшылардың айтуынша, жануарлар қайың бұтағынан жасалған сыпырғыштарды тез тауысады. Ал қылқан жапырақты ағаштардың құнары мол әрі дәруменге бай келеді. Орман жануарлары үшін өте пайда.

Геннадий Бегишев, орманшылық  жетекшісі:

- Биылғы қар қалың. Осы кезде жануарлардың азық табуы қиындай түседі. Шыршалар бұғы, елік, киік сияқты мүйізді жануарларға керемет азық түрі. Бізде құр, шіл сияқты құстар бар. Қоян мен тиінге де азық керек.

Орманшылар мұндай акциялардың пайдасы зор деп отыр. Жабайы жануарлар үшін азық қоры жасақталады. Ал үй аулалары қураған ағаштан тазартылады.

Қарлығаш Қасиетова, Наталья Волкова, Төлеген Иманов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz