Жамбыл облысындағы өткізу бекеттерінде мобильді инспекциялық-тексеру кешендері іске қосылды. Құрылғы көлік құралдары мен жүкті қашықтан, көліктерді тоқтатпай да тексеру мүмкіндігі бар.
Жаңа жүйеге рентгенографиялық деректерді талдау технологиялары енгізілген. Оның көмегімен есірткі, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен басқа да тыйым салынған бұйымдарды анықтауға болады. Соның арқасында көліктер шекарада уақыт жоғалтпайды. Бұрын бір жүк көлігін тексеруге шамамен жарты сағат жұмсалса, мобильді кешеннің көмегімен сағатына 25 көлікті тексеруге болады. «Тың технология елдің транзиттік әлеуетінің нығаюына ықпал етеді», - дейді шекара қызметінің мамандары.
Ғани Ағаділов, ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары
- Шекаралық бақылау деңгейін жоғарылату мақсатында біздің қолданысқа жаңа мобилді инспекциялық кешендер алынды. Кешендер көлік пен жүкті дистанциялық тексеруге мүмкіндік беріп, өткізу пунктерінің қабілетін едәуір арттырады. Рентгенография, деректерді талдау технологиялары қару мен есірткіге дейінгі заттарды жедел анықтауға бағыттайды.
Тегтер #Жамбыл облысы #көлік #жүк #тексерісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz