RU
Толық нұсқаға өту

Балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ

21.01.2026, 13:49 262

Елде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Бұл шектеулерді Мәдениет және ақпарат министрлігі қарастыруда. 

Нақтырақ айтсақ ведомство 16 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі. Жаңа өзгеріс күшіне енбес бұрын алдымен сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Оны іске асыру үшін үш бірдей министрлік бірлесіп, пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеу, қажет болса жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz