Ел тұрғындары үшін әділ мемлекеттің белгісі қандай? Азаматтар сот жүйесіне сене ме? Құқықтық мемлекет дегеніміз не? Тұрғындардың пікірін тыңдайық.
Сауалнама:
- «Заңмен жабдықталған қоғам әділетті қоғам болады ғой. Бізде «Жаңа Қазақстан» Аллаға шүкір бар деп ойлаймын.
- «Сот жүйесіне сенеміз. Жалпы біз бірнеше рет соттасқанда сот жақсы өтті. Әділ деп ойлаймын. Әділетті қоғам сол сот жүйесіне сену және үкіметті бақылау. Менің ойымша, халықтың бақылауы болу керек».
- «Енді заңды бұзсаң әрине, жауапкершілікке тарту керек. Кейбір заңдарды күшейту керек шығар. Кейбір адамдар кейбір заңдарды білмейді. Бірақта сен оны білмесең де жауапкершіліктен құтылып кете алмайсын».
- «Қазір байқағанымыздай адамдардың барлығы отбасыларда, достар арасында әділдікке ұмтылады. Оны күнделікті өмірде байқауға болады мысалы көшенің өзінде қоқыстар азайды, таза ұстауға тырысады, қоғамдық көліктердің ішінде тәртіп жоғары».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сауалнама #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz