«Кеген-Қарқыра» көлік өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейді. Бұған Мәжілісте мақұлданған қазақ-қырғыз шекарасына қатысты келісім негіз болмақ. қоғам
Екі елдің үкіметі хаттаманы 23 жыл бұрын ратификациялаған. Бірақ 5-ші Жоғарғы мемлекетаралық кеңес барысында Мемлекет басшылары барыс-келісті арттыруға уағдаласты. Құжат соған сай қабылданып отыр.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
- Бұл құжат «Кеген-Қарқыра» автомобиль пунктінің жұмыс істеу тәртібін «жарық уақыттан» «тәулік бойына» ауыстыруды көздейді. Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Шекара арқылы 2025 жылы 11 млн адам, 3 млн көлік өткен. Аталған өзгерістер екі ел арасындағы көлік-транзиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз.
Сондай-ақ депутаттар министрден Алматы мен Ыстықкөл арасын тікелей жалғайтын жол туралы сұрады. Нұрлан Сауранбаев аталған бағыттың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын жеткізді. Бұл Азия даму банкінің гранты арқылы жүзеге асып жатыр. Ал құжат биыл қарашада дайын болуы тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #көлік өткелдері #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz