Қоғамды толғандырған өзекті мәселелер, ел дамуының жаңа бағыттары айқындалған бесінші Ұлттық құрылтай Қызылорда төрінде өтті.
Алқалы жиында көтерілген бастамалар мен қабылданған шешімдерге көпшіліктің көзқарасы қандай? Осыны білу мақсатында әріптестеріміз жүргізген сауалнаманы ұсынамыз.
Сауалнама:
- «Осыдан бір ғасыр бұрын Қызылордада қаншама тарихи шешімдер қабылданған. Дәл сол сияқты кешегі өткен Қызылордадағы құрылтайда да қаншама тарихи шешімдер қабылданды. Яғни бұл Құрылтайдың қазақ үшін берері көп. Біздің болашағымызға деген көп деген шешімдер қабылданды. Оның барлығы да алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз».
- «Ұлттық мақсатты жүзеге асыратын кең ауқымды жиынды осы жерде өткізу бегітілді және ол абыроймен орындалып шықты деп ойлаймын. Сыр өңірінде болашақта драма театрдың ашылуы, ұлттық кітапхананың ашылатындығы туралы мәселелерді қозғалуы біз үшін үлкен мақсатынш».
- «Бір палаталы парламент саны реттелді. Дүниежүзілік талаптарға сәйкес келді. Құрылымдық өзгерістер ғой енді. Мінекей, сондықтан болашақтағы міндет, осылардың сапалы жұмыс істеуі. Институционалды сапалы жұмыс істеуі. Сондықтан біз үміттенеміз. Қазақстанның саяси дамуы одан әрі жетіле түседі деп».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сауалнама #Ұлттық құрылтай 2026 #ҚызылордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz