RU
Толық нұсқаға өту

Алтынкөл станциясының мүмкіндігі артады

21.01.2026, 19:57 262

Биыл шекара шебіндегі Алтынкөл станциясының тауар өткізу мүмкіндігі артады.

Оған Президенттің бесінші құрылтайда айтқан «Алтынкөл – Жетіген» бағытындағы теміржолдың жаңғыртылуы ықпал етпек. Сонымен қатар аталған аралықтағы бес разъезд және сегіз станцияда қосымша жол салынады. Қазақстан мен Қытай арасында жүк қабылдап жөнелтетін стратегиялық нысанда былтыр алты экспорттық парк құрылды. Соның нәтижесінде бір тәулікте 20-дан 30 жұп пойыз қабылдайтын деңгейге жетті. Мекеменің әлеуетін артыруға бағытталған құрылыс биыл да жалғасады.

Данияр Нұрқасымов, Алтынкөл станциясының басшысы:

- Биыл сұрыптау дөңесі салынып жатыр. Ол жерде сегіз жол салынып жатыр. Қосымша кең табанды және кең табанды жолдар салынады. Соның арқасында станцияның жүріс мүмкіндігі 33 пар пойызға дейін тәулігіне өседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz