RU
Толық нұсқаға өту

Инвесторлардың сотқа жүгінуі 33%-ға азайды

21.01.2026, 20:04 232

Азаматтық даулар 32, ал инвесторлардың соттарға жүгінуі 33%-ға азайды. Бұл елде прокурорлық сүзгі тетігі енгізілгелі жеткен жетістік.

Бас прокурор Берік Асылов осылай дейді. Президент пәрменімен инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылған еді. Қазір заң сақшылары 76 трлн теңгені құрайтын 1 790 инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Ал былтыр 2 мың инвесторға нақты құқықтық көмек көрсетті. Салымшыларды қолдау һәм қорғау ісін ілгерлетуді Мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан газетіне берген сұхбатында құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығына тағы бір мәрте тоқталды. Бұл ең алдымен азаматтардың, сосын инвесторлардың сенімі.

Азаматтық даулар - 32%

Инвесторлардың сотқа жүгінуі - 33%

Cүйемелдеу - 1 790 жоба

Құқықтық көмек - 2 мың инвестор

Анель Турашева, «Кazakh Іnvest» ҰК» АҚ жобалық менеджері:

- Kazakh Invest кеңсесінде Бас прокуратураның өкілдері жұмыс істейді, бұл барлық туындайтын мәселелерді жедел шешуге және жобаларға тұрақты құқықтық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, негізсіз айыппұлдарды, бюрократиялық кедергілерді және басқа да артық талаптарды болдырмайтын «прокурорлық сүзгі» қалыптасады. Бұл шаралар тек біздің орталықта ғана емес, жалпы Қазақстан аумағында қолданылады деп айтуға болады. Жалпы алғанда осы шаралардың барлығы Қазақстанды Орталық Азиядағы бизнес жүргізу үшін ең қолайлы алаңдардың біріне айналдырады.

Елге жыл сайын тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл жайлы Ұлттық банк мәлімдеген еді. Ал Орталық Азия аймағына салынған шетелдік сыртқы салымдардың 60 пайызы Қазақстанға тиесілі.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz