Шымкентте «Қайтпас» қосалқы электр станциясын жаңғырту жұмысы аяқталып қалды.
Ұлттық жоба аясында ұзындығы 14 шақырым болатын электр желісі толық жоғары кернеулі жаңа сымға ауыстырылып жатыр. Нысанды ақпан айында пайдалануға беру жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, жоба аяқталған соң Ақжайық тұрғын алабы мен Қайтпас шағын ауданындағы 24 мыңнан астам абонент сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтылады. Сонымен қатар биыл энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту мақсатында «Қызылсу» станциясын салу көзделген. Қазіргі таңда құрылысқа арналған жер телімі анықталып, құжаттарды реттеу жұмысы жүріп жатыр. Жалпы өңірдегі электр желілерінің 57%-ы тозған.
Манас Тынышбек, қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:
- Жобаға сәйкес қолданыстағы 35 киловольт әуе желісінің қимасы қалыңдатылып жатыр. Бұл қазіргі таңда аталған желінің тозу деңгейі 81%-дан 20% түседі. Жұмыстар осы 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #электр энергиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz