Қостанай облысының медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері Президентке алғыс хат жолдады. Олар дәрігерлер мен медбикелердің құқығын қорғауды күшейту туралы қабылданған заңға қолдау білдірді.
Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, былтыр медицина қызметкеріне күш қолданудың 58 дерегі тіркелді. Қызмет бабында соққыға жығылып, ауыр жарақат алғандардың бірі Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов. Ол жарты жыл бойы ем қабылдады. Енді, күш көрсетіп, шабуыл жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Антон Кистанов, уролог, андролог:
- Сондай жағдай менің басымнан өтті. Алған жарақаттан емделгеннен кейінде, жұмысқа шыққанда бойымдағы үрейден біраз уақыт арыла алмадым. Президентімізге бізді қорғайтын осындай заң қабылдағанына рақмет айтқым келеді. Қазір өзімді еркін, қауіпсіз сезінемін.
Қанат Әбілдин, облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
- Өкінішіке қарай, соңғы кездері медицина қызметкерлеріне қоқан лоқы жасау, тіпті қол көтеру, зәбір жасау көбейіп кетті. Дәрігер жұмысқа келгенде тек қана адамды емдеу туралы ойлау керек. Ол өзінің денсаулығын, бірдеуден зәбір шығады деп ойлауға тиісті емес. Соңғы кезде мінеки бұған мемлекет көңіл бөліп, мемлекетіміздің басшысы, Президентіміз көңіл бөліп, осы медицина қызметкерлерін қорғау туралы заң қабылданды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz