RU
Толық нұсқаға өту

Сәтбаев қаласында ұстаздар орталық аллеяны тазалады

22.01.2026, 22:31 242

Сәтбаев қаласында AMANAT партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Оған бастауыш партия ұйымы мүшелері мен мұғалімдер қатысты. 

Олар «Бабыр би» аллеясын қардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолындағы мұзды ойды. Партиялықтар мұндай акцияны дәстүрге айналдырған. Тазалық жұмыстарынан бөлек жастардың қатысуымен түрлі челлендждер мен экомарафондар өткізіп тұрады.

Шолпан Адамянова, Бастауыш партия ұйымының төрағасы:

- Бұл аллея жалпы халықтың демалатын, қыдыратын жері сондықтан біз үшін аллеяның тазалығы бірінші орында. Осы тазалық арқылы, осы еңбек ету арқылы жасөспірімдерді, яғни мектеп оқушыларын жастарды тәрбиелеп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz