Атырауда «Арнайы экономикалық аймақ» құрылды. Алғашқы кезеңінде мұнда 320 млрд теңге инвестиция тартылып, екі жарым мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Қазір жобаға 70-ке жуық отандық және шетелдік компания қамтысуға ниетті. Елдің көмірсутегі шикізатының 65 пайызы шоғырланған өңірдің өндірістік әлеуетін арттыратын жоба тек мұнай-газ химиясы емес, барлық салаға серпін береді деген жоспар бар.
Данияр Орынбасаров, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарының жобалық құжаттамалары әзірленуде. Жалпы құрылған аймаққа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту күтілуде. Сонымен қатар 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру көзделуде.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #экономикалық аймақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz