RU
Толық нұсқаға өту

Базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды

23.01.2026, 13:35 258

Елдегі базалық мөлшерлеме 18 пайыз деңгейінде қалды.

Ұлттық банк бұл шешімді инфляцияны тежеу үшін қабылдаған. Сондай-ақ қаржы ұйымы алдағы уақытта ақша-несие саясаты қатаң сақталатынын атап өтті. Былтыр жылдық инфляция 12,3 пайыз болып, банктің болжамымен сәйкес келді. Оның қалыптасуына азық-түлік компоненті көп үлес қосты. Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция соңғы айларда айырбастау бағамының нығаюына байланысты біршама төмендеген. Сондай-ақ ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны баяулады. Базалық мөлшерлеме бірінші жартыжылдықтың соңына дейін түспеуі де мүмкін. Себебі Ұлттық банк оны төмендетуге негіз негіз жоқ дейді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz