Елде қаңтар айынан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі 10 пайыз артты.
Бүгінде мемлекет бекіткен әлеуметтік төлемдердің 42 түрі бар. Былтыр Атаулы әлеуметтік көмекті 54 мың отбасы алып, қазынадан 30 млрд теңге бөлінді. Ал 70 мыңнан астам отбасыға атаулы көмек көрсетуден бас тартылды. Президент құзырлы мемлекеттік органдарға заңсыздықтардың алдын алуды тапсырып, мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей, атаулы көмек көрсетуге міндетті - деді. Биыл әлеуметтік төлем тағайындау процесінде ауқымды цифрлық реформа жүреді. Бір жағынан қағазбастылық азайса, екінші жағынан ашықтық артады. Әлеуметтік осал топтарды тиісті қолдаумен қамту көзделіп отыр.
Шыңғыс Шәкіл, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:
- Негізгі басымдықты әлеуметтік көмектің атаулылығы және тиімділігін арттыруға көзделеді. Әлеуметтік масылдықтан шығу жолдары біздер әлеуметтік көмек алушы отбасылардың ішіндегі еңбекке қабілетті адамдарды жұмыспен қамту шараларына тарта отырып, оларды әлеуметтік тәуелділіктен олардың табысын арттыру арқылы шығарамыз.
- Әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін ағымдағы жұмыстар барысында цифрлық тексеру, мұқтаждықты бағалау арқылы бақылап отырады.
- 2025 жылы 71 мың 500 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төлеуден бас тартылды. Атап айтқанда, олардың табыстары шекті деңгейден шығып кету бойынша 45 мың отбасы.
Тегтер #әлеуметтік төлем #қаңтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz