RU
Толық нұсқаға өту

Семейдегі облыстық жедел жәрдем станциясына 10 жаңа автокөлік тапсырылды

23.01.2026, 21:00 240

Семейдегі облыстық жедел жәрдем станциясына 10 жаңа санитарлық автокөлік тапсырылды.

Бұл өңірдегі медициналық мекемелерді заманауи көлікпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жобаның алғашқы кезеңі. Жоба аясында 100 автокөлік сатып алу жоспарланған. Оның 67-сі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, ал 33-і аудандық ауруханаларға беріледі. Бұл жұмыс жаздың ортасына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Владимир Ли, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Автокөлік паркін жаңарту алдын ала жоспарланған жұмыс. Бюджеттік талаптарға сәйкес, 2020 жылы алынған көліктер бүгінде ескірді. Қазіргі таңда жедел жәрдем көліктерінің тозу деңгейі 90 пайыздан асып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz