RU
Толық нұсқаға өту

Азық-түлік бағасын бақылау күшейеді  

24.01.2026, 14:50 271

Қостанайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шекті бағадан асырып сатқан кәсіпкерге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 

Тұрғындар шағымы бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижесінде тәттілердің сөреде көрсетілген бағасы мен түбіртектегі сомаға сәйкес келмейтіні анықталған. Ондайда жаңа заң талабы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары бірден әкімшілік жазаға тартуға міндетті. Ал екінші рет қайталанса, айыппұл еселенеді. Жыл соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31-ге көбейтілді. Енді сол тауарлар бағасының шекті үстеме құны 15 проценттен аспауын бақылау күшейеді. Былтыр осындай заң бұзушылыққа барған 233 сауда орнының иелері жауапкершілікке тартылған.

Ақшолпан Қошеметова, Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

- Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесін бақылау мақсатында біздің департамент монитоинг жұмыстарын жүргізіп тұрады. Бізде мониторинг жұмыстары апта сайын жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындар бізге өтініш жазса, біз жедел түрде жоспардан тыс тексеріске шығып, тиісті іс-шараны қолданамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz