RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында үш күнде 1,5 мың құқық бұзушылық тіркелді

26.01.2026, 08:20 274

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы өтті.

Жол қозғалысын бақылауға 500-ге жуық құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде жылдамдықты асырудың 5 мыңға жуық дерегі анықталды. Ал жолды белгіленбеген жерден өткен 262 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Былтыр  жол-көлік оқиғасы салдарынан 81 адам опат болды.

Бейбіт Төлемісов, ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

- Облысымыздың аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен 1,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзышылықты анықтады. Оның ішінде ең басты бұзушылықтардың бірі - автокөліктерді мас күйде басқару және де басқару құқығынан айырылған жүргізушілер анықталған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz