RU
Толық нұсқаға өту

Микро және шағын бизнесті қолдау шаралары

26.01.2026, 11:05 232

Үкімет экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілері үшін салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады.

Алдымен мұндай бизнес субъектілерін тарату және олардың қызметін тоқтату қағидалары бекітілді. Сондай-ақ биыл қаңтарда қалыптасқан және сәуірге дейін өтелген салық берешегі болса, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару көзделген. Бұл жобалар «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Құжат ақпан айында күшіне енуі мүмкін. Бұған қоса камералдық бақылау, салықтық тексеру, талап-арыздар және әкімшілік жауапкершілікке қатысты бірқатар шектеу енгізілді. Мұндай «Таза парақ» тәсілі арқылы кәсіпкерлердің әкімшілік және фискалдық жүктемесін азайтуға, оларды салықтық және институционалдық реформаларға бейімдеуге басымдық беріліп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz