RU
Толық нұсқаға өту

Блиц: 1414 арқылы әлеуметтік көмек алып көрдіңіз бе?

26.01.2026, 16:27 525

«Отбасының цифрлық картасы» атты жоба жайлы қарапайым халық біле бермеуі де мүмкін.

Бірақ оның игілігін күнделікті өмірде көріп жатады. 1414 арқылы әлеуметтік көмек алып көрдіңіз бе?

- Менің құрбым бар. Көп балалы ана. Сол 1414 хабарламасы арқылы біліп, алып отырды өзіне жаңағы пособиені. 

- Негізі бір балаға где-то 20 мың ба, білмеймін точно есімде жоқ, бір жыл енді боламыз. Бірге енді толады бала.1,5 жасқа дейін ЦОН арқылы как положено документтерімді тапсырып, как положено..ну это за полугодие отчетттарды тапсырып, и жаңағы ИПның арқасында максимально аламын сумманы.

- Ковидтің кезінде маған хабарлама келді. Телефоныма 1414-тен 42500 теңгені алып кетуімізді сұрады. Соны барып, алып 42500-ді керек-жарағымызға жұмсадық.

- Көп балалымын. Бірақ ондай 1414-тен сообщение, цифрландырдық деген келген жоқ. Кәдімгідей өзіміз алып жүрген пособие түсетін карточкаға, түсті. Соны алдық.

- Сонда барып, тіркелдіңіздер, ия? – Ия, ол кезде, қазір кіші балам 7-ге толды. 5-6 жыл болды, тіркеліп алғанымызға. 

– Ковид кезінде 1414-тен хабарлама келген еді. Ия, бұндай өзгерістерге қуанамыз. Бұл өте ыңғайлы. Бәрі де онлайн рәсімделді. Ешқайда бармай-ақ мемлекеттің жәрдемақысын алдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz