Мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде былтыр 85 млн-ға жуық күдікті қоңырау бұғатталған.
Ал заңсыз жұмыс істеген 13 колл-орталық жойылды. Қазір интернеттегі әккілер мен хакерлердің құрығына түспес үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тегін онлайн-курстарды дайындаған. Цифрлық сауаттылықты арттыратын ақпаратты ведомствоның ресми сайтынан табуға болады.
85 млн күдікті қоңырау бғатталды
13 call-орталық жойылды
Ырысты Жәлелханова, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басқармасының басшысы:
- Министрлікпен кибергигиена бойынша ұстанымдар жасалған. Олардың барлығы министрліктің ресми сайтында орналастырылған. СМС хабарлама болса, екіншісі видеоидентификация деп айтамыз – биометриялы аутентификация, соны қолдану болып табылады. Әрдайым сізге қандай ақпараттық ресурстардан кім жазып отқанын ресми түрде тексеру керек. Егер сіздің таныстарыңыз ақша сұраса немесе белгілі бір әрекет жасауды сұраса, онда сол азаматқа өзіңіз телефон арқылы немесе басқа да ресурс арқылы хабарласып, ол расында сол адам ба деп, ақпаратты тексеру – негізгі маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #киберқауіпсіздік #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz