Елімізде болашақта медициналық бұйымдармен қатар, биологиялық қоспалар да, медициналық техника да таңбаланатын болады.
Ал бұған дейін Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары осы арқылы әрбір дәрі-дәрмекті өндірушіден дәріханаға дейін бақылауға мүмкіндік туғанын айтты. Демек жалған өнім мен көлеңкелі сауданың жолы кесіледі.
Бүгінде Қазақстан бұл процестің толық циклін іске қосқан Орталық Азиядағы жалғыз ел болып отыр. Жалпы елде дәрі-дәрмектерді таңбалау 2024 жылдың шілдесінен басталды. Осының арқасында бюджетке 24 млрд теңге салық түскен. Денсаулық сақтау минстрлігі бізге осындай мәлімет берді. Бұл тұста отандық өніммен қатар, шеттен келетін дәрілік заттарды да таңбалау міндетті. Жоба басталғалы ұзын-ырғасы 710 млн-нан астам дәрі-дәрмек таңбаланған. Оның 500 млннан астамы айналымға енгізілген.
Дәрі-дәрмектерді таңбалау
2024 жылдан іске қосылған
710 млн астам дәрі таңбаланған
500 млн астамы дәрі айналымға енгізілді
Дәрі-дәрмектерді таңбалау
Дәрі-дәрмектерді сатудан түсетін салықтық түсімдер 24%
Бюджетке қосымша 24 млрд теңге түсті
Асқар Арғынбаев, ҚР ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры:
- Бұл таңбаланудың ең негізгі мақсаты дәрі-дәрмек айналымын қашықтықтан қамтамасыз ету және нарықтағы көлеңкелік фармацевтика нарығын жою. Жүйенің іске қосылғаннан бергі көрсеткіштерінің бірі фармацевтика нарығындағы өндірушілердің, ресми өндірушілілердің пайызы 5% өсті. Бұл саладағы салық түсімі 24% өскенін байқауға болады.
Ал осы дәрі қалай таңбаланады деп сұрасаңыз? Айтайық. Дәріханаға жетпес бұрын әр дәрмектің қорабына QR код енгізіледі. Демек таңбаланған зат қолданылғанға дейін бақылауда болады. Бұл өз кезегінде тегін дәрілерді сатқандарға тосқауыл. Әрі елде өндірілетін дәріні шетелге заңсыз шығаруға бірден-бір тыйым болмақ.
Асқар Арғынбаев, ҚР ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры:
- Шетелден өндіріліп келген дәрі-дәрмектер де, өзімізде өндірілген дәрі-дәрмектерді де таңбалау міндеттелген. QR былайша айтқанда, әр дәрі-дәрмектің қорабына дейінгі бірлігін QR кодпен таңбалау.
Елімізде жалпы 20 мың 476 дәрілік зат пен медициналық бұйым тіркеуде. Олардың 15 пайыздан астамы – отандық өндірушілерге тиесілі. Ал елімізде осы дәрілік заттардың сапасын бақылайтын 2 зертхана бар. Былтыр 1723 дәрілік зат пен медициналық бұйымға жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 43 дәрілік затта сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынып тасталды. Осылайша дәрінің сапасын бақылау күшейді. Дәріні заңсыз сатқандарға жаза бар. Демек контрафактілік дәрі-дәрмек сатқан кәсіпкер 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды.
Дәрі-дәрмектерді таңбалау
20476 дәрілік зат пен медициналық бұйым
15% астам – отандық өндірушілерге тиесілі
2025 жылы – 1723 дәрілік зат пен медициналық бұйым тексерілді
43 дәрілік затта сәйкессіздік анықталды
Талғат Табысбайұлы, Қазақстан тәуелсіз дәріханалар иелері қауымдастығының басшысы:
- Кейбір емханаларда пациенттерді емдейтін дәрілерді тегін береді. Соны ұрлап сататындарға тосқауыл болды. Бұл үлкен өндірістік цикл, сол жерден шыққан кезде 1 әрпі өзгеретін болса, көп заттарға оның бағасы өзгереді. Бұл дәрі болғандықтан тоңазытқышта сақтаңыздар дейді немесе оны 25 градустан аспайтын бөлмеде, күн көзі, күн сәулесі түспейтін жерде сақтаңыздар деп айтылады. Таңбалау жасаған кезде процесс кезінде қандай температураға дейін ысиды? 200-300 градусқа дейін ысиды. Сондықтан дәріні бүлдіріп алу қауіпі бар. Сондықтан оны не істейді? Басқа қағазға таңбалап сосын сіздің дәріңізге жабыстырады.
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды жоспарлау мен уақытылы жеткізу ісіне жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр. Тіпті таңбалау жүйесінде «жасанды интеллект – кеңесшісі» көмекке келмек. Осы орайда айта кетейік, отандастарымызды тегін дәрімен қамту жалғасады. Бұл үшін биыл қазынадан 567 млрд теңге қаржы бөлінген. Жауапты министрлік 2 мыңнан аса препарат атауы мен медициналық жабдық сатып алынатынын мәлімдеді. Бұл былтырғыдан 7 пайыз көп.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медицина #дәрідәрмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz