RU
Толық нұсқаға өту

Елордалық жеткіншектер қаржылық сауаттылығын арттыруда

27.01.2026, 21:50 273

Астаналық оқушылар қаржылық сауаттылығын арттыруда.

Бүгін «Қаржы Скилл» қалалық қаржылық қауіпсіздік чемпионаты өз мәресіне жетті. «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен бәсекеде 100-ге жуық мектептің оқушылары бақ сынасты. Байқау барысында білім алушылар алаяқтарды тану, дропперлік жүйенің алдын алу және қаржылық қауіптен қорғанудың, түрлі әдіс-тәсілдерін шығармашылық жолмен жеткізді. Сыни ойлау дағдыларына ден қойып, цифрлық кеңістікте жеке ақпараттардың қолды болу қаупін қойылым тақырыбына арқау етті. Нәтижесінде, қатысушылардың арасынан 6 мектеп финалдық кезеңге жолдама алды.

Әйгерім Пәрменова, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Кадр әлеуетін дамыту басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда цифрлық технологиялардың дамуына байланысты балалар алаяқтыққа ұшыраудың тәуекелдері жоғары. Чемпионаттың ерекшелігі - оқушылар қаржылық қауіпсіздік тақырыбын креативті әрі шығармашылық форматта меңгереді. Қазірше чемпионат пилоттық режимде тек Астана қаласында өткізілген. Жақында Қазақстанның басқа қалаларында да өткізуге жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz