Елде жүзден астам кәсіпорын Ұлттық жобаға қатысуға өтінім берді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру бойынша жобалық кеңсе отырысында 101 кәсіпорын 439 жобаны жүзеге асыруға өтінім бергені айтылды. 34 жоба жүзеге асу сатысында, тағы 65 жоба бастауға дайын тұр. Вице-премьер сәуір-мамыр айларында жөндеу жұмыстарының белсенді кезеңін ерекше бақылауды тапсырды. Сондай-ақ өңір әкім-діктеріне «қызыл аймақта» тұрған кәсіпорындармен жұмысты жеделдету қажеттігін жеткізді. Қанат Бозымбаев ұлттық жоба шеңберінде, жүзеге асатын барлық жобаны уақытылы қаржыландыруды айтты. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің дерегі бойынша жалпы құны 148 млрд теңге болатын 76 жоба қаралды.
Тегтер #кәсіпорын #ұлттық жоба #өтінімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz