RU
Толық нұсқаға өту

Turning Points Qazaqstan журналы жарық көрді

28.01.2026, 21:59 295

Елде Turning Points Qazaqstan журналы жарық көрді. Ол америкалық The New York Times лицензиясы арқылы, қазақ және орыс тілдерінде шықты. Екі тілді нұсқадағы журнал бүгін, Астанада өткен «QAZAQSTAN NEXT 2026» форумында таныстырылды. 

Turning Points Qazaqstan журналы KAZMEDIA HOLDING компаниясы мен The New York Times licensing арасындағы ұзақмерзімді лицензиялық келісім аясында шықты. Тиражы 2 мың данадан асатын басылым 144 беттен тұрады. Форум қатысушылары журналдың жарық көруіжаңа медиамәдениеттің мықты бастауы деп бағалап отыр.

Айбын Шағалақ, Turning Points Qazaqstan журналының бас редакторы:

- Негізінен корпоративтік секторға, аналитиктерге, әр саланың стратегиялық жоспарын құратын мамандарға, бөлімдерге арналған. Журналдың ПДФ нұсқасы электрондық нұсқасы The New York Times licensing деген сайтында тұрады.

Журналдың мазмұны отандық медиа және оқырман үшін әдеттегі басылымдардан ерекшеленеді. Онда экономика, энергетика, мәдениет секілді әлемге танымал бірқатар сала маманының материалдары жарияланған. Қазақстандық авторлар да жоқ емес. Мәселен, журналда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім көкжиегі» атты мақаласы бар.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Жасанды интеллект білім саласын қалай өзгертіп жатыр? Біздің қоғамға терең әсер ететін технологиялар, ЖИ, инновациялар, робототехника тәрізді маңызды өзгерістер ғылыми-технологиялық ізденістер, революция деп айтуға болады, үлкен іргелі өзгерістер бізге баяу жетеді немесе толыққанды жетпейді. Мейнстримге айналмаған. Сондықтан осындай басылымдардың Қазақстанға келуі өте маңызды.

Отандық медианы дамытуға және әлемдік сарапшылармен бір алаңда пікір алмасуға мүмкіндік беретін форум келер жылдың қаңтарында тағы өтеді. Сәйкесінше, Turning Points Qazaqstan журналының екінші номері де сол кезде таныстырылады. 

Авторы: Альмира Оразбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz