Nestlé компаниясы Қазақстандағы кейбір өнімдерін кері қайтарды.
Бұған себеп - бір мезетте өндірілген өнімдерде адам ағзасына қауіпті улы зат болуы мүмкін. Балалар тағамын сатып алған тұтынушылар тауарды кері өткізіп, өнім құнын қайтара алады. Компания бұл қадамды алдын алу шарасы деп түсіндіріп, ата-аналарға ресми сайт арқылы өнім нөмірін тексеруге кеңес береді.
Надежда Лабодовская, Nestlé компаниясының Еуразия аймағындағы Корпоративтік істер және коммуникациялар менеджері:
- Қазір Nestlé компаниясы Қазақстан аумағында өнімнің шектеулі партиясын кері қайтару шараларын аяқтап жатыр. Тұтынушылар бұл тауарлар үшін өтемақы ала алады. Қайтарылған өнімдерге қатысты зардап шеккендер тіркелмеді. Өнім сапасы біз үшін өте маңызды. Тіпті ең төмен ықтимал қауіпті ескере отырып, біз тауарларды кері қайтарып алдық. Себебі тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Nestlé компаниясы #қауіптіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz