RU
Толық нұсқаға өту

Елге қаржы тарту көздері артады

29.01.2026, 13:10 181

Енді OPEC Халықаралық даму қоры Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде танылып, тікелей салықтардан босатылады.

Дегенмен қор жеке секторда қаржыландыратын жобаларын Үкіметпен бірге талқылап, келісімін алып отыруға тиіс. Ал Үкімет қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуы қажет. Бүгін Сенат отырысында депутаттар тиісті заңды ратификациялады. Құжаттың қабылдануы - елге қаржы тарту көздерінің кеңеюіне, қаржы ұйымдары арасындағы бәсекелестің артуына және халықаралық институттармен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қаралған құжат Қазақстан мен OPEC халықаралық даму қорының арасында ынтымақтастықты дамыту үшін әзірленді. Келісім еліміздің мүддесіне сай келетін жобаларды Халықаралық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға мүмкіндік беретін болады. Осы мақсатпен қаржыландыру тетіктері жан-жақты реттеліп отыр. Жалпы, заңның мақұлдануы еліміздің инвестициялық ахуалына оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz