Бұдан былай зейнетақы жинағынан ипотеканың ай сайынғы төлемі толық жабылмайды.
Тек несиенің негізгі қарызын өтеуге мүмкіндік болады. Ал банк сыйақысын борышкер өз қалтасынан төлеуі тиіс. Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін өзгертті. Осыған байланысты enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау қаңтардың 31-нен 2 наурызға дейін тоқтатылады. Жаңа өзгерістер 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Ал 30 қаңтарды қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелер бойынша қабылданады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #зейнетақы #ипотекаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz