Елде қару ұстайтын заңды тұлғалар өз қызметін тоқтатса, 10 жұмыс күні ішінде қару-жарақты ішкі істер органдарына тапсыруға міндеттеледі.
Сондай-ақ жеке күзет ұйымдары жұмысын тоқтатып, қайта бастаса немесе тіркелген мекенжайынан тыс жерде қызметін көрсетсе – ол туралы 5 күн ішінде уәкілетті органға хабарласуы қажет. Тиісті құжаттағы актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бүгін сенаторлар қарап, мақұлдады. Заңның тағы бір бөлігі тұрғын үй қатынастарына қатысты болды. Енді құқық қорғау және арнайы мемлекеттің органдар мен әскери қызметшілерді баспанамен қамту әрі тұрғын үй төлемдерін жүргізу тәртібі жетілдіріледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қаралып отырған заң күзет саласын жетілдіруді, сондай-ақ қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейтін нормаларды қамтиды. Заңда әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіруге арналған түзетулер де бар. Мақұлданған жаңа нормалар аталған салада мемлекеттік реттеу және бақылау жүргізу тиімділігін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сенат #Заң мен тәртіп #Мәулен Әшімбаев
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz