RU
Толық нұсқаға өту

О. Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

30.01.2026, 17:10 206

Павлодар облысы – ел энергетикасының флагманы. Өңір былтыр республикадағы электр қуатының 42%-ын өндірді.

Бұл туралы бүгін үкімет басшысының аймаққа сапары кезінде айтылды. Екібастұз МАЭС-1 алаңында Олжас Бектенов нысанды жаңғырту барысымен танысты. Елдегі қатты отынмен жұмыс істейтін ең ірі стансада реконструкциялау, жаңа түтін құбырын салу сияқты маңызды жұмыстар атқарылды. Былтыр энергия көздеріндегі 46 негізгі жабдықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде жылу желілерінің 37 шақырымы жаңғырды. Осылайша тозу деңгейі 1,5%-ға төмендеді. Премьер-министр «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің карьерінде болып, ашық тәсілмен көмір өндіру процесімен танысты. Бұл аумақ 43 шаршы шақырым, тереңдігі 300 метр болатын әлемдегі ең ірі кеніш. Кәсіпорын «Богатырь», «Северный» сынды екі кеніште қатты отын өндіреді. Қазіргі уақытта өндірістік процестерді автоматтандыру кезеңі аяқталды. Енді мұнда жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылады. Осы мақсатта «Жүк ағынын оңтайландырушы» және «Тау-кен жұмыстарын жоспарлау» секілді қос жобаны іске асыру көзделген.

Өмірхан Салманов, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ Техникалық кеңесшісі:

- Біздің бүгінгі стансамызда 1481 адам жұмыс істейді. 2 энергоблок, бірінші және екінші қызмет жасайды. Әр қондырғының қуаты 500 МБТ дейін жалпы қуаты 1000 МГБ. Өткен жылы біздің сағат бойынша 5,6 квт/сағат өндірілді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz