Мұнай, көмір және газ сияқты отындарды пайдалану - ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын көбейтіп отыр.
Жайылымдық жерлердің бүлінуі де парниктік газдардың артуына ықпал етуде. Бұл өз кезегінде жер бетінде климаттық өзгерістерге әкеледі. Жаһандық жылынумен күрес шаралары Астанада өткен халықаралық жиында талқыланды. Шарада Париж келісімі жүктеген талаптардың орындалу барысы туралы айтылды. Құжатқа сәйкес әртүрлі елдер мен ұйымдарға парниктік газдар шығарындыларын азайту міндеті жүктелген. Ондағы мақсат - жаһандық жылынуды тежеу және оның ең жойқын салдарымен күресу. Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы мен еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты.
Жаңыл Бозаева, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағдарлама үйлестірушісі:
- Қазір беріп жатқан ұсыныстарымыз елдегі жайылым жерлерін меңгеру. Өкінішке қарай Қазақстандағы жайылымдық жерлердің 100/60-ы дегредацияға ұшырып жатыр. Яғни бұл парниктік газдардың көбейуін білдіреді. Оны тоқтату керек. Тоқтату жолы осы жайылым жерлерді тұрақты қолдану керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мұнай #көмір #жайылымдық жерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz