RU
Толық нұсқаға өту

Елде жаңа фармацевтикалық зауыттар ашылады

30.01.2026, 23:25 304

Онкологиялық, қант диабеті және орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер Қазақстанда өндіріледі.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялармен инвестициялық келісімдерге қол қойды. Жобалар жүзеге асқанда елде дәрілік препараттарды әзірлеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылады. Ведомствоның мәліметінше, кейінгі екі жылда Қазақстанның фармацевтика саласына салынған инвестициялар көлемі екі есе артқан.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл жобалар аясында негізі инвестиция тартумен қатар, тиісті қазақстандық дәрі-дәрмек өнімдерін Қазақстанда шығару мәселесі толығымен қарастырылған. Инвестиция көлемі 315 млрд теңгеден асады, сонымен қатар 400 жаңа дәрі-дәрмек Қазақстанда өндірілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz