RU
Толық нұсқаға өту

2 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті

30.01.2026, 23:30 544

Былтыр елде пайдаланылмаған және заңсыз берілген 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті.

Оның жартысына жуығы ірі жер пайдаланушылардан қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесінде 1500-ден астам заңбұзушылық анықталды. Қазір қайтарылған бірқатар жер алқаптары, қайта игеріле бастады. Сонымен қатар 330 мың гектар жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша іс сотта қаралып жатыр.

Мұрат Теміржанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі  Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:

- Аталған жұмыстар Бас Прокуратура органдарымен, қоғам өкілдерімен және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен құрылған «Жер аманаты» комиссиясымен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылып, процестің барынша ашықтығын және азаматтардың пікірін ескеруді қамтамасыз етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz