Бүгіннен бастап балабақшалар мен мектептер алдын ала ескертусіз тексеріледі. Елде бақылау тәртібі өзгерді.
Соның ішінде балалардың қауіпсіздігі, білім беру және тамақ сапасына басымдық беріледі. Бақылау шаралары жоғары және төмен санатқа бөлінеді. Алғашқысы кемінде алты айда, ал кейінгісі жылына бір рет жүргізіледі. Ата-аналар хабардар болу үшін тексеріліп жатқан ұйымдардың тізімі ашық жарияланады. Сонымен қатар бастапқыда анықталған кемшіліктер үшін мекемеге айыппұл салынбайды. Яғни олқылықты жоюға міндеттеледі.
Тегтер #Білім беру мекемелері #бақылау тәртібі #айыппұлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz