RU
Толық нұсқаға өту

«AMANAT» партиясы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

02.02.2026, 17:05 269

Партия фракциясының отырысында  депутаттар мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы мен қоғамды ұйыстырудағы бұл құжаттың тарихи маңызын атады.

Фракция негізгі заң жобасына толық қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Депутат Бақытжан Базарбек пропорционалды сайлау жүйесін енгізудің маңызын атап өтіп, ол саясаткерлердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыратынын айтты. Қайрат Балабиев «Заң мен тәртіп» қағидаты жазалаудан емес, отбасындағы тәрбиеден және зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудан басталатынын жеткізді. Снежанна Имашева жаңа Конституция жобасы адам және оның құқығы мемлекет басымдығы ретінде алғаш рет негізгі заң деңгейінде бекітетінін атап өтті. Юлия Кучинская жаңа Конституция ұрандарға емес, атсалысуға, жауапкершілікке және нақты ықпал ету тетіктеріне негізделген кемел азаматтық патриотизм моделін қалыптастыратынын айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz