Байқоңырда электр желілері мен жылу құбырларының 70 пайызға жуығы ескірген. Қазір қалада инфрақұрылымды жаңғырту бойынша арнайы жол картасы жүзеге асып жатыр.
Құны 12 млрд теңгеден асатын ауқымды жоба екі кезеңнен тұрады. Бағдарлама аясында 94 шақырым ауызсу құбыры мен 85 шақырым кәріз желісі жаңғыртылады. Одан бөлек, шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Жақында 250 пәтерлік 5 үй халық игілігіне тапсырылды. Жалпы, бюджет есебінен 10 көпқабатты тұрғын үй салынды. Айта кетейік, Байқоңырда 60 мыңнан астам тұрғын болса, оның 67 пайызы Қазақстан азаматы.
Самат Қабақов, Қармақшы аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а:
- Біздің Қармақшы ауданының теңгеріміне Байқоңыр қаласының 7 мөлтек ықшам ауданынан 34 гектар жер телімі берілген. Сол Мөлтек ықшам ауданның даму сызбасы бойынша әлі де тұрғын үйлер салу, мектеп, спорт кешендерін салу жоспарлануда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда облысы #инфрақұрылымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz