Жоғарғы сотта кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау стандарттары талқыланды. Семинарға судьялар, адвокаттар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Жиында тергеу соты кезіндегі балалар мен жасөсіпірімдерден түсініктеме алу процесі қаралды. Куәгер немесе зардап шеккендер белгілі бір жағдайға байланысты сотқа қатыса алмайтын жағдайда бұндай процедура олардың түсініктемесін тергеу кезінде тіркеуге мүмкіндік береді. Көбіне мұндай жайттар денсаулыққа немесе көшіп кетуге байланысты тіркеліп жатады. Сонымен қатар мұндай шаралар жыныстық қол-сұғуға қарсы қылмыс құрбандарын қайта тергеуден сақтайды. Яғни олардың психологиясына ауыр тиетін жағдайлардан қорғайды.
Арыстан Ақпанов, Астана Халықаралық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы:
- Менің ойымша, құқық қорғау органдарының өкілдері, тергеу судьялары, прокурорлар, адвокаттар секілді процеске қатысушыларға арналған кеңестер болды. Заңға сәйкес, мұндайда тергеуді тергеуші емес, сот тергеуінің ережесі бойынша судья жүргізеді. Сотта алынған түсініктеме жарияланады немесе бейнежазбасы көрсетіледі. Осылайша, зардап шеккендердің психикасына тигізер кері әсер болмайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #балалар #құқық #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz