RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан цифрлық өзгерістерде жаңа кезеңге аяқ басты

02.02.2026, 19:42 351

Қазақстан цифрлық өзгерістерде жаңа кезеңге аяқ басты. 2029 жылға дейін ІТ қызметтер экспортын 5 млрд долларға жеткізбек.

Ал былтыр бұл меже шамамен 1 млрд АҚШ долларын құраған. Еліміздегі стартап-экожүйені дамыту жұмыстары Astana Hub алаңында жүзеге асырылып жатыр. Онда 2 мыңнан аса компания жұмыс істейді. Яғни стартап иелері өз жобасы арқылы халықаралық нарыққа шыға алады. Өткен жылы еліміздің ІТ секорындағы жалпы табысы 800 млн долларға жеткен. Бұл бұған дейін тіркелген көрсеткіштен 20%-ға көп деген сөз. Айта кетейік, былтыр жасанды интеллект пен цифрландыру тек сынақтан шығып, мемлекеттік басқару мен экономиканың нақты құрамдас бөлігіне айналды. Арнайы министрлік құрылып, заңдық база бекітілді. Биыл «Цифрландыру және ЖИ жылы» деп жарияланды. 

2029 жылға дейін ІТ қызметтер экспорты -  $5 млрд

2025 жылы - $1 млрд жетті

Astana Hub алаңында – 2000 аса компания

ІТ секорындағы жалпы табыс -  $800 млн 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz