RU
Толық нұсқаға өту

«Халық бухгалтері» акциясы нәтиже бере бастады

02.02.2026, 23:30 342

Акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылған. 

Басталғалы бері 17,5 мың салық төлеуші кеңес алып, 160-тан астам сұхбат жүргізілген. Бетпе-бет жүздесу форматындағы жұмыс өз тиімділігін көрсетті. Мәселен, салық төлеушілерге бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелеріне байланысты практикалық кеңес берілді. Айта кетейік, жоба биыл 5 қаңтарда басталды. Оны  Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырды. Кеңестер облыс орталықтарымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында тегін өткізіліп жатыр. Акция биыл 30 маусымға дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz