Атырау облысы Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік істе күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиева әлі іздестіріліп жатыр.
Кеше олардың 3 баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 жасар және жас жарымдағы екі сәбиі балалар үйіне орналастырылды. Бұған дейін олар ата-әжесінің қолында болған еді. Полиция департементінің ұсыныс-хатына сәйкес кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия осындай тоқтамға келген. Мұндай шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданды,- дейді Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы.
Венера Қабышева, Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Қазіргі жағдайда балалардың жағдайы бақылауда. Сонымен қатар балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.
Құндыз Ғиниятова, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшысы:
- Махамбет ауданынан кеше 15:20 шамасында 3 жасөспірім орналасты. 9 жаста, 7 жаста, 4 жаста. Психолог жұмыс жасады. Сурет салып, тест жұмыстарымен түске дейін жаңа жұмыстар жүргізілді. Барлығы жақсы. Балалардың көңіл-күйі де жақсы.
Балалар әзірге арнайы орталықта мамандардың қарауында болады. Еске салайық, былтыр Атырау облысы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы жоғалып кеткен еді. Биылғы қаңтар айының 6-сында ерлі-зайыпты өз ауласындағы сарайдан өлі күйінде табылды. Ал отбасының қалған екі мүшесі, яғни қызы мен ұлы әлі іздестіріп жатыр. Қанды қылмысқа қатысы бар күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бірақ әзірге табылған жоқ. Полиция департаменті іздестіру жұмыстарының әлі де жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Тегтер #Атырау облысы #күдікті #мемлекет #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz