Цифрлық технологиялар қоғамға мол мүмкіндік сыйлағанымен, оның көлеңкелі тұстары да аз емес.
Кейбір қаскөйлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қудалау, қорқыту және психологиялық қысым көрсету құралына айналдырып отыр. Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларында әйелдерге қатысты жалған ақпарат тарату, түрлі нөмірлер мен аккаунттар арқылы қорқыту фактілері тіркелген. Полицияның мәліметінше, мұндай әрекеттер бастапқыда виртуалды кеңістікте басталғанымен, уақыт өте келе адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Қабдылманап Әкебаев, Облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы:
- Екібастұзда бұрынғы күйеуі WhatsApp мессенджері арқылы бұрынғы әйеліне денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытып жүрген. Тағы бір Екібастұз тұрғыны полициядан көмек сұраған. Алты ай бойы таныс ер адам оны әлеуметтік желі арқылы заңсыз қудалаған. Сталкинг фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер анықталып полиция бөлімшелеріне жеткізілді.
Тегтер #сталкинг #Павлодар облысы #қылмыстық іс #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz