RU
Толық нұсқаға өту

Банктерге цифрлық қаржы активтермен жұмыс істеуге рұқсат беріледі

03.02.2026, 20:07 253

Енді елдегі банктерге цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасауға рұқсат беріледі. 

Яғни қаржы ұйымдары бұдан былай цифрлық активтерді сақтау, айырбастау, сатып алу және сату сияқты операцияларын жүргізе алады. Алайда оны төлем құралы ретінде қолдануға, жасырын мәмілелер жасауға тыйым салынады. Әмбебап лицензиясы бар банктер мен ислам банктеріне арналған қағидаларды Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп бекітті. Құжат Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді. Мұндағы мақсат цирфлық активтер нарығын заңдастырып, қаржы жүйесіндегі тәуекелдерді азайту.

Цитата:

Әмбебап банк лицензиясы бар банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалдарына, ислам банктеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалдарына

1) меншікті қаржы құралдарын және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған қаржы құралдарын иеленуге;
2) өз қызметін қаржыландыру үшін цифрлық қаржы активтерін тікелей немесе жанама түрде пайдалануға тыйым салынады.

Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, Ислам банкінің цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы қаулыдан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz