Елде 1 қаңтардан бастап отандық тауар өндірушілер реестрі жұмыс істеп жатыр. Енді мемлекеттік қолдау тек осы тізімдегі кәсіпкерлерге көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін де жүйеге тіркелу шарт. Бұл жалған кәсіпкерліктің жолына тосқауыл болмақ. Жаңа цифрлық жүйеге бұрын жарамды индустриалдық сертификаттары бар, қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1924 субъект автоматты түрде реестрге ауыстырылды.
Олжас Сапарбеков, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
- Бұрынғы берген 1924 индустриалдық сертификат сол жүйеге енгіздік. Сол жүйенің ішінде бүкіл иелеріне хабар бергенбіз. Бұрын қазақстандық өндіруші қабылдау үшін бірнеше құжат жинау керек еді, эксперт сарапшыны іздейтін. Заң жобасында қарастырып, бүкіл процессті бюрократиядан арылттық.
Тегтер #кәсіпкерлік #тосқауыл #тауар өндірушілер #реестр #Заң мен тәртіп
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz