Қазақстан прогрессивті агро-экономикаға көшуді бастады. Елде цифрландыру, жасанды интеллект, өнімді терең өңдеу секілді бағыттарға басымдық беріледі.
Президент тапсырмасымен Үкімет Агро-экономиканы дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеп жатыр. Оған қоса Мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды. Биыл жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 1,5 трлн теңгеге дейін жеткізу көзделген. Бүгінде жетпістен астам елге ауыл-шаруашылық өнімдері жеткізіледі. Қазір Еуропа нарығына шығу мәселелері талқыланып жатыр. Бұдан бөлек, 2028 жылға дейін бес ірі зауытты іске қосу жоспарланған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #экономика #цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz